426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ержүрек жандар марапатталды

  • 138
  • UPD: 18:34, 21.08.2020
Алматыда ержүрек жандар марапатталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен мегополистің бірнеше тұрғынына «Төтенше жағдай кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін» төсбелгісі тағылып, алғыс хаттар табысталды. 

«Өртте көрсеткен қайсарлығы» үшін төсбелгісін  ауыр атлетші Дәурен  Рымқұлов алды. Ол көп қабатты үйде болған өрттен бірнеше адамды құтқарып қалған. Оның төртеуі бала. Өрт кезінде сәбилердің өміріне араша түскен дәрігерлер де марапатталды. 

Еске сала кетсек, 18 шілде күні №1 перзентхананың жансақтау бөлімінде өрт шығып, дәрігерлердің жедел іс-қимылдарының арқасында 8 шақалақ  аман қалды. Жол бойындағы кәріз құдығында ес-түссіз жатқан екі жұмысшыны ажалдан арашалап қалған Ержан Әбдіразақов пен Аманжол Жансейітовтің те ерлігі елеусіз қалған жоқ. 

Ержан Әбдіразақов, қалалық мамандандырылған ХҚКО қызметкері:

- Бүгін енді марапаттауға шақырып, марапаттап жатыр. Өте қуаныштымын. Бірақ оны бір сондай бір «ерлік» деп санамаймын. Әр ер жігіттің борышы деп ойлаймын. Бір-бірімізге көмектесіп жүрген. Ол ажал деген ұлтқа да, елге де, не болмаса қай жердің қызметкерісің соған да қарамайды. Сондықтан бір-бірімізге көмектесіп жүрсек, бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы