429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суды өз шарбағына тартып алған әкім қуаңшылықтан шаршаған шаруаларға шекеден қарайды

  • 272
  • UPD: 21:52, 21.08.2020

Отырар ауылында 150 гектардай жүгері, 60 гектардан аса жоңышқа қурап кетудің алдында тұр. Себебі су жоқ. Түркістан облысы Отырар ауданына қарайтын бұл ауылдың тұрғындары егістік алқап тұрмақ, үйдің іргесіндегі бақшасын да суара алмай отыр.

«Білгеніміз бұл мәселеден ауыл әкімі де, аудан басшысы да хабардар. Бірақ түйткілді шешуге асығар емес» дейді диқандар. Атқамінерлердің өз айтары бар. Судың тапшылығына байланысты егістің қурап жатқаны рас.

– Жүгері, жоңыршқа еккем, қазір ешқандай су жоқ.

– «Айтқанның ауызы, жылағанның көзі жаман» дейді ғой. Айтсаң ешкім ұнатпайды.

Бұл тіршілік нәрінен тарығып, шөліркеген отырарлық шаруалар. Әрқайсысы 5-10 гектардан жүгері, жоңыршқа еккен. Ағынсудың тапшылығынан еккен дақылдары өспей, қиындыққа тап болғандарын айтады. 

Жақсыбек Исаев, шаруа:

- Мен жүгері еккем, қазір көрсетемін. Шықпайды, өлуге айналды. Қурап кетті. Су жоқ қазір. Биыл мүлде жоқ. Кеше келді Уайс та, ноғай деген су сұрап та келді. Ол да біледі. Әкелеміз дейді.

Сәбит Жанпейісов, шаруа:

- Мына жүгерінің қазір егілгеніне 80 күн болды. Бір су ішпеген әлі. Топырағы шығып жатыр. Енді бұл мал болмайды ғой. Жүгері болудан кетті бұл. Не мал жемейді ащы бұл қазір. Су ішпеген соң ешқандай мал жемейді.

Қазір Қарғалы ауылдық округіне қарасты Отырар ауылында 150 гектардай жүгері, 60 гектардан астам жоңышқа дақылы ағынсудың тапшылығынан қурай бастаған. Ауыл тұрғындары өзі қасқалдақтың қанындай кішкентай суға жол-жөнекей мотор қосып, тартып алатын дөкейлердің де бар екенін айтады. «Бірақ оны қадағалап отырған ешкім жоқ» дейді ашынған диқандар. Бұл мәселеден ауыл әкімі де, аудан басшысы да хабардар.

Күлзина Әуелбекова, Отырар ауылының тұрғыны:

- Ауданға барғанмен бізді қабылдамайды «әкімің бар» деп. Ал әкіміміз ауданнан шыға алмайды. Біз сияқты халық шығынға батып отырады. Әкім сайланғанда ауылға кеп жиналыс жасаған. Су жоқ деп халық айтып еді. «Ойбай, еге беріңдер біз сумен қамтамасыз етеміз» деді жаңадан сайланған аудан әкімі. Әкім айтқан соң соған жұрт сенді. Әкім сайланып алды, су жоқ.

Әбдіғали Жүнісов, Отырар ауданының әкімі

- Қыста қардың аз болуы, жауын-шашынның болмауының салдарынан шаруаларға ескертіп айтылды. Су тапшы болады. Сондықтан су аз ішетін дақыл немесе ерте пісетін дақыл егіңіздер деп. Алайда шаруалар олар, жылда істеп қалған кәсібі. Сол келген судан басқа су жоқ бізде.

Егіс алқабын былай қойғанда Отырар ауылының тұрғындары басшасына еккен азын-аулақ көкөнісін суғара алмай отыр. Арықта су болмағандықтан құдықтан шелекпен тасып қоюға мәжбүр.

Жүсіп Мейірманов, Отырар ауылының тұрғыны:

- Бала-шағамыз бар, соған азғантай картошка егеміз. Соған су жоқ. Мынау құдықпен шелектеп тасып құямыз.

Мән-жайды өзінен білейік деп, Қарғалы ауылдық округінің әкімі Есенбай Шынтерековті жұмыс орнына іздеп бардық. Шаруалардың шағымын жеткіздік. Алайда ауыл әкімі «ағынсудан проблема жоқ» деді.

Есенбай Шынтереков, Отырар ауданы Қарғалы ауыл округінің әкімі:

- Су ішпедік дегендер екі-үш шаруашылық. Соған қазір 2-3 күн болды су келіп жатыр. Суғарып жатыр. Бірақ қураған бір де бір гектар жер жоқ.

- Біз сол егістен келдік. Қурағандар бар ғой.

- Олар ең соңынан еккендер. Соңындағы 6-7 гектар су ішсе ауылдың ішіне де береміз.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыл ішімен өтетін арықты ауыл әкімі қоршап алған. Су Есенбай Шынтерековтің шарбағы арқылы өтеді. Әкім қоршап алған жерге дейінгі арық кең қазылған.

«Бар мәселе әкімнің шарбағына келгенде басталады» дейді ауыл тұрғындары.

- Әкімнің шарбағын қараңыздар. Шарбағының ішіндегі арық. Мына жағы қанша кең қазылған. Ал іші бір күрек бойы қазылған. Оны әкімнен сұрасаң «менің шарбағым таза» дейді.

Әкім: Менің шарбағымның іші тап-таза!

Ал ағын судың азабын тартып, шығынға шаш етектен батқан шаруалардың ендігі жағдайы не болары әзірге белгісіз.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы