426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда КВИ жұқтырған отыз төрт ана өмірге сәби әкелген

  • 242
  • UPD: 22:32, 21.08.2020
Көкшетауда КВИ жұқтырған отыз төрт ана өмірге сәби әкелген

Көкшетауда коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің соңғысы сәбиін аман-есен босанып, отбасына оралды. Бір аптадай дәрігерлердің бақылауында болған ананың да, баланың да жағдайы жақсы.

Жалпы инфекциялық стационардың перзентханасында 4 айдан астам уақыттың ішінде қауіпті індетке шалдыққан 33 әйел босанып, 34 нәресте дүниеге келген. Ал стационардың өзінде бас-аяғы 1 мыңнан астам науқас емделіп шықты. Қазір Көкшетау қалалық ауруханасы қалыпты жұмысына көшкен. 

Нариман Сыздықов, қалалық аурухананың бас дәрігері:

- Қазір барлық бөлім тлығымен бұрынғыдай жұмыс істеуге көшті. Науқастарды емхананың жолдамасымен келетіні бар, шұғыл түсетіні бар, жоспарлы жатқызу бар, барлығын қабылдап жатырмыз. Қазір 7 операция жасадық.

Хабар 24 телеарнасы