426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда карантин талабына бағынбағандар жауапқа тартылды

  • 211
  • UPD: 10:42, 22.08.2020
Атырауда карантин талабына бағынбағандар жауапқа тартылды

Атырауда өзен жағалауында демалушылар санитарлық нормаға мойынұсынбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемаияға қарсы  іс-шара  басталғалы  1700-ден астам түрлі дәрежедегі құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ,  жағалауларда белгіленбеген жерлерде суға шомылып, балық  аулаған, демалыс орындарында қоқыс қалдықтарын  қалдырған 600 адам жауапқа тартылды. Атырау облысы бойынша  тамыз айының аяғына дейін жағада демалуға, суға шомылуға шектеу бар. «Бір өкініштісі, суға шомылушылардың көпшілігі балалар», – дейді тәртіп сақшылары.

Гүлнәзира  Мұхтарова   полиция департаментінің  баспасөз  хатшысы:

– Өткен екі күндік рейд кезінде тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде суға түсушілер мен талдың тасасында ішімдік ішкен, қоғамдық  орындарды ластағандарға  қатысты  12 фактіні анықтап, 15 адам әкімшілік  жауапкершілікке  тартылды. Жайықта катерлердің толқынын қызық көріп, тереңдіктен қорықпай  жарыса жүзетін  балалардың  ата-аналарына қатысты  хаттамалар толтырылды. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар  жалғасуда.

 

 

Хабар 24 телеарнасы