429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда полицейлер ерекше медициналық маска таратты

  • 341
  • UPD: 10:42, 22.08.2020
Түркістанда полицейлер ерекше медициналық маска таратты

«Есірткіге жол жоқ!» Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға осындай жазуы бар 2 мың дана маска таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айырықша белгісі бар бетпердені тәртіп сақшылары қаладағы адамдар көп шоғырланатын орындарда тегін берді. Сондай-ақ тұрғындарға көпшілік орында маскалық режимді сақтаудың маңызы зор екенін түсіндірді.

Нұрлыбек Әлібекұлы, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

– Облысымыздың ірі аумақтары Жетісай, Кентау, Арыс және Сайрам аудандарында өз жалғасын тапты. Қазіргі жағдайды пайдалана отырып, халыққа қорғаныс заттарын, бетперде, антисептик, қолғапты үнемі қолданып жүруге шақыру, оларға түсіндіру жұмыстары өз жалғасын тапты. Бұдан бөлек халықты есірткіге қарсы күресуге үгіттеу іс-шарасы ұйымдастырылды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы