426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы Таймас батыр кесенесі қалпына келтірілді

  • 216
  • UPD: 10:43, 22.08.2020
Қарағанды облысындағы Таймас батыр кесенесі қалпына келтірілді

Қарағанды облысындағы Абай ауданында Таймас батыр кесенесін қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи нысан мемлекет қарауына алынып, Қазақстанның киелі жерлері жобасына енгізілген. Жұмыс барысында нысанның сәулеттік тарихи көркі сақталды. Жергілікті ақсақалдар мен зиялы қауым оған оң бағасын берді. Таймас батыр Кенесары хан тұсындағы жасақтардың басшысы  болған.

Еркебұлан Жұмакенов, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы:

– Қазақтың соңғы ханы Кенесарының тұсында қазақтың елдігі үшін аянбай күрескен батыр бабамыз еді. Таймас батыр туралы бірқатар тарихи роман жазылған. Ал кесене кезінде қараусыз қалып, жүдеу күй кешкен еді. Енді 4 млн теңге қаржы бөлініп, қайта қалыпқа келтірілді. Мемлекет қарауында болады. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы