426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «Жасыл ел» еңбек жасағының биылғы маусымы қорытындыланды

  • 115
  • UPD: 10:43, 22.08.2020
Ақтауда «Жасыл ел» еңбек жасағының биылғы маусымы қорытындыланды

Ақтаулық 370 жас бір ай бойы қаланы көгалдандыру және тазалау жұмыстарына атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек жасағына негізінен көпбалалы отбасылардың балалары тартылды. 12 топқа бөлінген олар саябақтарды, шағын аудандар ішіндегі жасыл желектерді баптады. Көгалдар мен көше бойындағы өскен арам шөптер мен қоқыстардан тазартты. Ол үшін 42500 теңге көлемінде еңбекақы алады. 1 ай бойы қаладағы қоғамдық орындардың таза болуына  үлес қосқандарға алғыс хаттар табыс етілді.

Дәулет Сағынтаев,  қоғамдық даму орталығының директоры:

– «Жасыл ел» еңбек жасағы бұл жерде қаланы тазалап қана қоймай, осы Абай атамыздың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқудан арнайы челлендждер, эстафеталар ұйымдастырды. Сонымен қатар,  «Жасыл ел» еңбек жасағы жастарының арасында зияткерлік сайыстар өтті.

 

Хабар 24 телеарнасы