420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі

  • 189
  • UPD: 11:28, 22.08.2020
Алматыда демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі

Әр сенбі, жексенбі күндері барлық сауда ойын-сауық орталығы жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, сауда орталықтарында орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар жабылмайды. Сондай-ақ, демалыс күндері фитнес-орталықтар, қоғамдық моншалар, сән салондары мен шаштараздар, косметологиялық орталықтар да жұмыс істемейді. Сонымен қатар, алматылықтар қоғамдық көлік қызметін де пайдалана алмайды. Бұл шектеулер адамдардың көп жиналуын болдырмау және қауіпті індеттің таралуын тежеу мақсатында жасалып отыр. Қаладағы жабық ғимараттарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Гүлнара Мадимарова, Алматы қ. тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің бас маманы:

– Парктер мен сквелерге келетін болсақ, үш адамнан құралған немесе бір отбасылық адамдардың жүруіне рұқсат етіледі. Әрине, егер де бетпердемен, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүрсе, рұқсат етіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы