426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандық диқандар дәнді дақылдың 70%-ін жинап үлгерді

  • 189
  • UPD: 20:53, 22.08.2020

Түсім орта есеппен әр гектардан 6 центнерден, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жайықтың жағасында биыл жалпы көлемі 230 мың гектар алқапқа астық егілді. Бау-бақша көлемі де жылдан жылға ұлғайып келеді. Қазір облыс аумағында картоп жинау науқаны қызып тұр.

Ардақ Айбарұлы, тілші:

- Ақжайық өңірінің шаруашылық қожалықтары картоп жинау науқанына қызу кірісіп кетті. Құрғақшылық салдарынан өнімділік көлемі өткен жылға қарағанда сәл аздау болып тұр. Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі шаруашылықтардың бірі көктемде 300 гектар жерге Оралдың ауа райына бейімделген картоп тұқымын еккен еді. Шаруашылық толығымен автоматтандырылған. Алынған өнім көршілес облыстар мен Украинаға жөнелтіледі.

Сергей Четвертаков, шаруашылық қожалығының басшысы:

- Мемлекет тарапынан бізге гербицид және картоп алқаптарын суғаруға арналған техникаларды алуға көмек көрсетілді. Дәрілеуге арналған құрылғыларымыз да жаңа. Тұқым өзіміздікі, оны ішінара көршілес Ресейден де алып отырмыз.

Облыс бойынша 9 мың гектардан астам жерге бау-бақша өнімдері егілді. Соның тең жартысы картоп алқабы. Шаруалар әр гектардан орта есеппен 150 центнерден өнім алуда. Батыс Қазақстан облысындағы шаруашылықтарға биыл тыңайтқыш және арамшөп пен зиянкестерді жоюға арналған химиялық препараттарды алу үшін 140 млн теңгедей субсидия бөлінді.

Телжан Исмағұлов, Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Инвестициялық салымдарды субсидиялау бойынша шаруашылықтардың сатып алған техникаларының 25%-і және де суару машиналарың 50% шығыны, сақтау қоймаларының 25%-тік шағыны субсидиялар ретінде қайтарылып отыр.

Шаруалар өңірдегі картоп алқабының 12%-ін жинап үлгерді. Алынған өнімді cұрыптау, қоймаға құю жұмыстары қазан айына дейін жалғасады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында игерілетін жер көлемі де жылдан жылға ұлғайып келеді. Ақжайық өңіріндегі шаруашылықтар биыл 4 млрд теңге көлеміндегі қолдау қаржыға ие болды.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Ботагоз Базарбаева, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы