426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанат Шыбықбаев: Карантин кезінде босаңсуға болмайды

  • 269
  • UPD: 22:27, 22.08.2020

Карантин кезінде бұқаралық шара мен той-томалақ өткізуге әсте болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл талап бәріне ортақ болғанымен, ереже бұзушылардың арасында елімізге белгілі өнер адамдары да бар. Осыған байланысты күрделі кезеңде шығармашылық саласының өкілдері көпке үлгі болуы керек. «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жанат Шыбықбаев әріптестерін жалпыға бірдей тәртіпті сақтауға шақырады.

Жанат Шыбықбаев, «Астана Опера» театрының жетекші опера солисті:

- Отбасыларыңызды аман-есен сақтап, адам көп жерде баратын жерде бетперделеріңізді тағып, арақашықтықты сақтап жүріңіздер. Мына енді өзіміздің әріптестерімізге айтарым, әлі толық біткен жоқ, кішкене шыдаңыздар. Той-томалаққа бармай, өзіміз сол бәрін аман-есен сақтайық өзіміздің елімізді.

Хабар 24 телеарнасы