424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жүрсін Ерман: Тойдың да уақыты келеді

  • 455
  • UPD: 23:14, 22.08.2020

Карантин кезінде вирустың қайта өршіп кетпеуі үшін мемлекет қолдан келген шараның бәрін атқарып жатыр.

Ендігі кезек қоғамның өзінде. Белгілі қоғам қайраткері Жүрсін Ерман солай дейді.

Жүрсін Ерман, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ төрағасы:

- Мынау енді әлеуметтік желіден көріп-біліп отырмыз ғой. Әсіресе, мына жұлдыздардың арасында балаларын үйлендіріп, той жасау деген әлі тыйылмай жатыр. Қанша маңдайымызға тиіп жатса да. Қаншама осы асыл азаматтарымыздан өнердің болсын, жай қарапайым азаматтар болсын, қаншасын арамыздан ажал суырып әкетті. Ендеше осы кішкене ақылса салып, ойлап, айналайын бауырлар қоя тұрыңдар. Тойдың да уақыты келеді, шілдехананың да уақыты келеді. Дәл қазір ағымға көніп, кішкене тыйымға тоқталу керек.

Хабар 24 телеарнасы