429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин тәртібі ешкімге оңай соғып жатқан жоқ – Дулат Исабеков

  • 319
  • UPD: 23:16, 22.08.2020

Белгілі жазушы Дулат Исабеков «топырлап тойға бара берсек, бұл індеттен құтылу қиын», дейді.

Қаламгердің өзі де мерекелік жиындарға баруды шектеген. Оның айтуынша, карантин тәртібі ешкімге оңай соғып жатқан жоқ. Бірақ жағдайға түсіністікпен қарап, кей әдеттен уақытша бас тартқан абзал.

Дулат Исабеков, жазушы-драматург:

- Неге басқа ұлттар аз. Өйткені ұйғырдың да тойын білеміз, өзбектің де тойын білеміз. Олар қазақтар сияқты топырлап бір жерге жиналмайды. Тойға олар кезек-кезегімен келіп, бір-екі шым-шым палауын жейді де, кете береді. Ал, біз түгел жиналғанша күтіп отырамыз. «Аяғына дейін отырамыз, ұят, болмайды. Барамыз» дейміз. Сөйтіп, індетті біз ушықтырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы