428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Желіде ақтөбелік учаскелік инспекторлардың видеосы жарияланды

  • 501
  • UPD: 08:47, 23.08.2020
Желіде ақтөбелік учаскелік инспекторлардың видеосы жарияланды

Әзжәнібек Құлғарин қатардағы  учаскелік инспекторлардың бірі. Күн сайын әріптестерімен бірге жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы көп және теміржол вокзалы кіретін әкімшілік аумағының қауіпсіздігін күзетеді. Өзін таныстырған бейнежазбасы желіге жүктелгелі жұмыстың қыза түскенін жасырмайды. Біра кез келген қылмысты ізі суымай ашу дерегі де көбейгенін айтады.

Әзжәнібек Құлғарин, учаскелік полиция инспекторы:

- Күніне уотсап желісінен немесе өз ұялы телефоныма өз әкімшілік аумағыма 5-6 тұрғын хабарласып, өзінің жеке сұрақтарын қояды.  Жанұялық жанжал болып жатады, сол жөнінде шақырады. Құқық бұзушылық болса, шара қолданып, жұмыс атқарамыз.

Әлеуметтік желілерде жарияланған тәртіп сақшыларын ғаламтор қолданушылар тез байқаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазір «102»  номерінен өзге желі арқылы да шақыртулар түседі. Тұрғындар да бұл жаңашылдықтың тиімді екенін айтып жатыр.

Уәлихан Убишев, қала тұрғыны:

- Инстаграм, полис Актобе арқылы хабарласамыз. Осы жерде мас адам жүрсе хабарласамыз, тез келеді. Участковыймыз жақын, айналада жүреді ғой. Бұлардың демалатын уақыты жоқ ау деймін, любой уақытта келеді.

Учаскелік инспекторлардың ғаламтор  арқылы да қызмет көрсетуге  былтырдан бастап көше бастаған. Ел бойынша алғаш рет жүзеге асқан жоба аясында тәртіп сақшылары таспаға түсіріліп, кейін желілерге жүктелді. Нәтижесінде тұрғындар өз инспекторларының кім екенін тануға мүмкіндік алды және оның жария еткен жеке телефон нөмері арқылы тәуліктің кез келген мезгілінде хабарласуға болатынын білді. Бұл бұрын полиция департаментіне халықтан түсетін көп сауалдың бірі болатын.

Қанат Әлиев, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Учаскелік инспектор мен халықтың байланысын нығайту үшін бейневизитка дайындап жатырмыз. Өзіміздің учаскелік инспекторлардың 50-ін видеовизитка ретінде, ролик ретінде дайындап, өзіміздің полиция парақшасына ендіріп, сол жерде қала тұрғынына қолжетімді болуы үшін жасап қойдық. Біздер қыркүйек айының бірінші онкүндігінде осыны бітіреміз деп, өзімізге мақсат қойып отырмыз.

Бұл тың жоба әзірге қала бойынша іске асып жатыр. Біра келер айдың орта шеніне дейін облыстағы 300-ден астам учаскелік инспектордың бейнежазбалары әлеуметтік желілерде жарияланбақ.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы