420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жазасын өтеуші әйел жыр жинағын басып шығарды

  • 142
  • UPD: 09:50, 23.08.2020

Петропавлда әйелдер колониясының сотталушысы жыр жинағын басып шығарды. Бұл оның екінші кітапшасы.

Татьяна Магомбьенова түрмеге түсіп, қалам тербей бастаған. Бірінші өлеңін 8 наурызға анасына арнапты. Бүгінгі таңда ол 200 – ден астам шығарманың авторы. Тақырыптары әртүрлі: негізінен отбасы, туған жер, өмір жайлы жазады. Жазасын өтеуші бостандыққа шыққасын шығармашылығын жалғастырып, тағдыры туралы кітап шығаруды жоспарлап отыр.

Татьяна Магомбьенова, жазасын өтеуші:

- Жыр жинағымның атауына «Қателіктің бағасы» өлеңі арқау болды. Мен онда өзегімді өртеген өкінішімді жеткізгім келді. Өмірімде жасаған шалыс қадам анама, балама, бостандықтың бір күніне тұрмайды. Мен оны кеш түсіндім. Кеш болса да түсіндім.

Хабар 24 телеарнасы