429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда құрылысы тоқтап қалған нысандар қайта салына бастады

  • 193
  • UPD: 08:59, 24.08.2020
Талдықорғанда құрылысы тоқтап қалған нысандар қайта салына бастады

Талдықорғанда құрылысы бес жыл бұрын тоқтап қалған нысандар қайта салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 ықшам ауданындағы 6 үй мердігер мекемеден мемлекет меншігіне алынып, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатыр. Тіпті 55 және 60 пәтерлік көп қабатты үйлерді қазан айының соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алайда, бірнешеуінің іргетасын қалау кезінде құрылыс талаптары сақталмай, есептеуде қателік кеткен екен. Сондықтан мердігер мекеме өкілдері бұзып тастап, қайта салуға кіріскен. Жалпы биыл қалада 12 кө пқабатты үй бой көтеруде. Олардың біразы бекітілген кестеден қалып келеді.

Мәди Жақсымбетов, мердігер мекеме өкілі:

- Кестеден 15-20 күн кешігіп келеміз. Оны білеміз. Адамдар жетіспей жатыр. Оны үлкен бастықтар шешіп жатыр. Екі-үш күнде адам қосып, графикті қуып жетуге ұмтыламыз.

 

Хабар 24 телеарнасы