420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының Осакаров кентінде электр қуаты қымбаттап кетті

  • 163
  • UPD: 08:59, 24.08.2020
Қарағанды облысының Осакаров кентінде электр қуаты қымбаттап кетті

Қарағанды облысының Осакаров кентінде электр қуаты бірден 6 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді тұрғындар тоқтың әр киловатына 19 теңге 71 тиыннан төлейтін болады. Карантин кезінде онсыз да табысы азайған жұртты бұл жағдай ашындырып отыр. Мамыр айында тоқтың бағасы 14 теңге болған. Ол кезде ақша жинаумен «Жезқазған энергосбыт» мекемесі айналысқан. Шілдеден бастап олар банкрот болып, нарыққа басқа компания келген. Монопалист бағаны бірден шарықтатып жіберді. Жергілікті әкімдік олардың тарифті қандай негізге сүйеніп көтергенін сұрап, хат жолдаған. Бірақ әзірге жауап жоқ.

Сәуле Асқарова, ауыл тұрғыны:

- Өткен айда 18 теңге 76 тиынмен келді, енді осы айда 19 теңге 71 тиынмен келді. Келесі ай тіпті қымбаттатады деп айтып жатыр. Қазір мынау пандемия, қараңыздар, Президенттің жарлығы бар, халыққа көмектессін, қарассын деген. Неге қымбаттатып жатқанын білмейміз.

Серік Әкежанов, Осакаров кентінің әкімі:

- Қай себептен десек, «электр қуатының бағасын көтеру жөнінде Үкіметтің қаулысы шыққан» дейді. Біз қазір «не себепті көтердіңіздер» деп хат жібердік, сол ұйымдардан жауапты күтіп отырмыз. Жауап алған соң оны міндетті түрде халыққа жеткіземіз. Монополия қарсы комитет карантин себебінен келе алмай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы