426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық шаруалар жем-шөп бағасының қымбаттауына алаңдаулы

  • 163
  • UPD: 10:36, 24.08.2020

Қыстың қамын жаз ойла. Қостанайлық шаруалар биыл жем-шөптен таршылық көрмей, бір жарым жылдық қорын әзірлеп қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де. мал азығының бағасында ауытқушылық болатын түрі бар. Мысалы, Жангелдин ауданының шаруалары үшін шөп былтырғы қуаңшылық кезеңінде сатылған бағадан қымбатқа түседі. Бұның себебі неде?

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

- Төлеген Нұретденұлы қыстың қамына ерте кірісті. Шабындық науқанын  мамыр айында бастады. Қазір қоймасында 300 тоннадан аса жем-шөп сақтаулы. Мал азығын дайындау жұмысын 10 күн ішінде аяқтауды көздейді.

Төлеген Нұретденұлы, шаруа:

- 14 Былтыр табиғи өрт көп болды. Су тасқыны болмағаннан кейін шөп те дұрыс болған жоқ. Сондай-ақ бізде 4 рет өрт болды.

Шаруа 180 бас ірі қара, оның сыртында 100-ге жуық ұсақ мал ұстап отыр. Әдеттегідей дайындаған жемнің бір бөлігін сатады. Бірақ бағасы былтырғыдан қымбат болатынын айтады. Шөп байлайтын 450 метрлік жіптің өзі бір жыл ішінде 2000 теңгеге шарықтап кеткен. Қорасындағы бірер ірі қарасына қарап отырғандарға биыл да жеңіл болмайтын сыңайлы.

Төлеген Нұретденұлы, шаруа:

- Былтыр бір дана рулонды 3 мыңнан сатсақ, биыл 3,5 мыңнан сатамыз ба деп жоспарлап отырмыз. Себебі, былтырғы жылмен салыстырғанда жанар-жағармайдың қымбаттауына байланысты былтыр 180-нен алып жүрсек, биыл 193 теңге. Аудан орталығына жеткізу 55 шақырымды құрайды. Сондықтан осы жол шығынын өтеу үшін былтырғыдан көтеруді жөн көрдік.

Жангелдин ауданының басты кәсібі бе, табысы да – мал шаруашылығы. Қыстан қысылмай шығу үшін 120 мың тонна шөп дайындалды. Шаруалар биылғы науқанда өнімділігі мол техникаға сенім артқан. Осы мақсатта машина-тракторлі парк біршама жаңарды.

Шота Оспанов, Жангелдин ауданының әкімі:

- Екі жылды қосқанның өзінде 8 МТЗ тракторын алыппыз. 13 рулон пресс, 13 жатка. Қазір бұрынғыдан шөп шабатын машина емес, ойдың шөбін шабуға ыңғайлы деп жатка алып жатыр. Ол өнімді мысалы. Косилкамен екі өткен жерде онымен бір-ақ рет өтеді.

Облыс фермерлері қазірдің өзінде 1,5 млн тонна мал азығын жасап қойды. Дегенмен, шөп науқанында атқарылатын жұмыс әлі жетерлік.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы