429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында дәрігер-сурдолог жоқ

  • 207
  • UPD: 10:33, 24.08.2020

Атырау облысында медицина қызметкерлері тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде дәрігер-сурдолог жоқ. Әсіресе, кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балаларға жағдай жасалмай тұр. Шақыртумен келгендері бәрін бірдей қабылдап үлгермейді.

Асланбек Шығыр, тілші:

- 10 жасар Жанеркенің құлақ мүкістігі бала жастан байқалған. Жылдар өте келе ауруы асқына бастапты. Анасы былтыр имплант жасатуға квота алған. Операция сәтті шыққанымен, құрылғыны жарты жыл сайын тексертіп тұру керек . Атырауда дәрігер маман болмағандықтан, Қабдошовтар Алматымен екі ортада сабылып жүретін. Бірақ карантиннің кесірінен ол да мүмкін болмады.

Гауһар Қабдошова, қала тұрғыны:

- Кохлеарлы имплант деген негізі күрделі операция. Құлағының ішіне микрофон кішкентай сияқты аппарат салады. Сыртында сөйлеу процессоры болады. Мұны 6 ай сайын настройка жасап тұрамыз. Сол үшін дәрігерлерді шақыртып отырмыз.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы елді жайлаған қауіпті індетке байланысты дәрігер-сурдологты өздеріне алдырған. Алайда, Алматыдан арнайы келген маман бұл жолы тек 15 науқасты ғана қабылдамақ.

Нәйлә Төлебекова, дәрігер сурдолог:

- Қазір аймақтардағы ең өзекті мәселе – аппаратты баланың есту дәрежесіне сәйкестендіретін мамандардың жоқтығы. Осы сапар барысында жергілікті жас мамандарды біздің емханада оқытуды жоспарлап отырмыз.

Қазір облыс түгілі еліміз бойынша 10-ақ сурдолог маман бар. Дәрігер аз, науқас көп. Сурдолог-мамандар науқастарды Алматы, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Қостанай, Орал қалаларында ғана қабылдайды.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы