429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 және пневмония жұқтырған қанша медицина қызметкері өтемақы алды

  • 235
  • UPD: 10:44, 24.08.2020
COVID-19 және пневмония жұқтырған қанша медицина қызметкері өтемақы алды

COVID-19-бен күрес кезінде коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған 776 медицина қызметкері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлем алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

24 тамыз сағат 9:00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 776 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің жақындарының өтініші бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (79), Ақмола (79) облыстарында, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (69) қалаларында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында (67) жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына 22 шілдеде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциямен, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болғандардың отбасыларына 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Хабар 24 телеарнасы