428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде түнгі уақытта көшеде жүрген 80 жасөспірім ұсталды

  • 276
  • UPD: 11:25, 24.08.2020
Ақтөбеде түнгі уақытта көшеде жүрген 80 жасөспірім ұсталды

Ақтөбеде бір күннің ішінде ішкі істер органдарына түнгі уақытта көшеде жүрген 80 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Балалар түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз үйлерінен тыс жерлерде жүрген. 21-30 тамыз аралығында Ақтөбе облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы өткізіледі. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүру, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болу және жасөспірімдерге алкоголь, темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу және т.б.

Жедел профилактикалық шараның бірінші күнінде ішкі істер органдарына 80 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 66 жасөспірім заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін үйінен тыс жерде жүрген.

Сондай-ақ 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь сатудың сегіз фактісі, темекі өнімдерін сатудың төрт фактісі анықталды, фактілер бойынша кәсіпкерлер жауапқа тартылды. Тағы бір кәсіпкер кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы