420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері су айдындарында 4 адам құтқарылды

  • 102
  • UPD: 11:56, 24.08.2020
Демалыс күндері су айдындарында 4 адам құтқарылды

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 162 адам, оның ішінде 35 бала құтқарылды. 

Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

22 тамыз күні Қапшағай қаласында «Қапшағай – Бақанас» автожолының 13 шақырымында Іле өзеніндегі «Чертов палец» учаскесінде құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамды құтқарды. Ол квадроциклдің тізгінін басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. 

23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Тұран даңғылының «Тұлпар» көпірі маңындағы Есіл өзенінде құтқарушылар көпірден секірген 1962 жылы туған ер адамды судан құтқарды, ол ауруханаға жатқызылды. 

23 тамыз күні Қызылорда қаласында Сырдария өзеніндегі «Сыр Арна» монументіне жақын жерде құтқарушылар 2006 жылы және 2007 жылы туған балаларды құтқарып, жағаға жеткізді. Олар жабдықталмаған жерде суға шомылып, өз беттерінше аралға орала алмаған.

Хабар 24 телеарнасы