420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады

  • 160
  • UPD: 14:13, 24.08.2020
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады

27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері ашылады, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін COVID-19-дың таралуына байланысты түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.

Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізілді.

Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Хабар 24 телеарнасы