Экология министрлігі дельфинарийлерді жабу туралы ұсынысты қарастыратын болады.
Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев twitter парақшасында жазды.
«Дельфинарийдегі дельфиндерді ұстау жағдайын ескере отырып, министрлік «Жан-жануарларға жауапкершілікпен қарау» заңнамасының шеңберінде дельфинарийлерді жабу мәселесін қарастырады.
Бұл аяқ астынан пайда болған мәселе емес. Сондықтан оның шешілуі үшін белгілі бір уақыт керек. Халықаралық тәжірибелер ескерілуі қажет. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңның жобасында дәл осы гуманизм принциптері негіз болады», - деді министр.
Сонымен қатар министрлік атынан аталған мәселеге алаңдаушылық білдіріп, азаматтық ұстанымын танытқан адамдарға алғыс айтты.