420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


56 мыңнан астам қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды

  • 180
  • UPD: 14:56, 24.08.2020
56 мыңнан астам қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды

COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында автоматты түрде 56 106 қазақстандықтың мүгедектік мерзімі, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және жеке оңалту бағдарламалары үш айға ұзартылды.

Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар 16 наурыздан 24 тамызға дейін 15 830 қазақстандық мүгедектікті eGov.kz порталы арқылы онлайн-режимде сырттай рәсімдеді немесе ұзартты. Бұл мүмкіндік автоматты түрде ұзартумен қатар, мемлекеттік мекемелерде адамдардың көп жиналуын болдырмау және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мүгедектігі бар адамдарға берілді.

СOVID-19 таралуының жалғасуына байланысты азаматтар мүгедектікті белгілеу және қайта куәландыру үшін электрондық форматта өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін eGov.kz порталында авторлану қажет және электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болуға тиіс.

Порталға кіргеннен кейін жоғарғы оң жақ бұрышында ашылмалы тізім бар батырманы басып, «Электрондық өтініштер» және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» дегенді таңдау қажет.

Содан кейін өтініш беруші өзінің жеке кабинетіне кіреді, ол жерде «Құру» түймесін басу керек. Содан кейін сіз жолдарды толтыруыңыз керек («өңір», «нақты тұратын мекенжайы», «ұялы телефон» және т.б.). «Алушы» жолында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті» тармағын таңдаңыз. Бұдан басқа, құжаттардың фотоға түсірілген немесе сканерленген көшірмелерін қоса беру қажет. Тізімді «Қажетті құжаттар тізімі» сілтемесіне өту арқылы көруге болады.

Соңғы әрекет ЭЦҚ-кілттің көмегімен өтінімге қол қою болады. Ол үшін «Сертификатты таңдау» батырмасын басу және атауы «RSA...» - дан басталатын файлды таңдау қажет, содан кейін жүйе ашық парольді енгізуді талап етеді.

Өтініш беру нәтижесінде өтінімге жеке кабинетте статус беріледі.

Айта кетейік, 16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларға қатысты сырттай қайта куәландыру қарастырылған. Оларға мүгедектік қолда бар құжаттар негізінде және алдыңғы куәландыруға сәйкес мүгедектік дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңде мүгедектік мерзімін автоматты түрде ұзарту бойынша шаралар қабылданған болатын. Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай кезеңіне және бір ай бұрын (2020 жылғы 16 ақпаннан бастап) келген адамдарға мүгедектік 3 айға ұзартылды. Бұдан әрі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің сақталуын ескере отырып, мүгедектік мерзімдері ұзартылды.

Хабар 24 телеарнасы