426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


27 тамыздан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы жанданады

  • 190
  • UPD: 15:00, 24.08.2020
27 тамыздан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы жанданады

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты түрік тарапы тамыздың бесінен бастап елдеріне қазақстандық жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын. Екі ел арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Түркияның авиация билігі 27 тамыздан бастап әуе қатынасы қайта жанданатынын мәлімдеді. Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Хабар 24 телеарнасы