426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кезекші сыныпта оқитын балаларға маска мен қолғап кию міндеттеле ме

  • 248
  • UPD: 15:37, 24.08.2020
Кезекші сыныпта оқитын балаларға маска мен қолғап кию міндеттеле ме

Кезекші сыныпта оқитын балаларға медициналық қолғап кию міндеттелмейді.

Оқушылардың міндетті түрде қолғап киюі туралы ақпарат – жалған. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде айтты.

«Сабақ уақытында оқушылар медициналық маска тағуы керек. Балалар ересектерге қарағанда коронавируспен сирек ауырса да, олар ауруды тасымалдаушы болып табылады. Балалар егде жастағы адамдарға вирусты жұқтыруы мүмкін», - деді.

Хабар 24 телеарнасы