420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада күріш пісті

  • 162
  • UPD: 15:46, 24.08.2020
Қызылордада күріш пісті

Өңірде егінге су жеткізу мәселесі өзекті болғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 184 мың гектар жерге түрлі дәнді-дақыл себілсе, соның 90 мың гектарға жуығына күріш егілген. Ал отандық «Сыр сұлуы» сорты облыс бойынша 875 гектар жерге егілді.

«Бұл сорт жергілікті климатқа бейімделген, тауарлық түрі барлық талапқа сай келеді», - дейді мамандар. Шаруалар карантиндік шектеулер кезінде жаңа технологиялардың көмегі көп тигенін айтады. Кейбірі топырақ, ауа, су, күн туралы деректерді цифрлық жүйе арқылы бақылап, егін процесін түзету, зиянкестермен күрес секілді қолайсыз жағдайлардың алдын алып отырды. Ең бастысы, ала жазғы еңбек, еш кеткен жоқ. Ендігі меже – ел ырысын шашпай-төкпей жинап алу.

Сейілбек Нұрымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Күріштің жағдайы жалпы 70%-і жақсы, 24-25%-і орташа, қалғаны орташадан төмен деп бағалап отырмыз. Сондықтан енді биылғы егілген егістен де өткен жылғыдан төмен емес өнім жинаймыз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы