420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда вирус жұққандарға дәрі-дәрмек тегін беріледі

  • 165
  • UPD: 18:01, 24.08.2020
Алматыда вирус жұққандарға дәрі-дәрмек тегін беріледі

Короновирус індетіне шалдыққан науқастар тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

Ал пневмония диагнозы анықталғандарға  антибиотиктер, коронавирус ауруы жеңіл түрде өтіп, үйде емделіп жатқандарға антикоагулянттар беріледі. Науқастардың хал-ахуалын барлық емханада арнайы құрылған  мобильдік топ қадағалайды. Оның құрамында уческелік дәрігер, акушер-фельдшер және әлеуметтік қызметкер кіреді. Бұл жөнінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының дәрігері  Меруерт Көшенова онлайн-брифингте айтты. 

Меруерт Көшенова, «Жас қанат» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының  дәрігері:

- Қажеттілігіне байланысты тегін медициналық препараттармен қамтамасыз ету. Үшіншіден, қажет болған жағдайда яғни көрсеткіштеріне байланысты ПЦР анализімен қамтамасыз ету. Және науқастың шағымына байланысты, аурудың өтуіне байланысты өкпенің тегін компютерлік томографиясы тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы