Қазақстандықтардың 1 млрд теңгесін қалтаға басқан алаяқ Минскіден экстрадицияланды
- 419
- UPD: 16:59, 24.08.2020

ІІМ қазақстандықтарды 1 млрд теңгеге алдаған алаяқты Минскіден экстрадициялады, деп хабарлады Polisia.kz.
Қазақстан полициясы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың Қазақстанға экстрадициялануына қолжеткізді. Ол «Questra World» ірі қаржы пирамидаларының бірін ұйымдастырды деп айыпталуда. Ольга Клейнард еліміздің аумағында алаяқтардың әрекеттеріне жетекшілік еткен.
Алаяқтық салдарынан мыңдаған қазақстандық алданып, келтірілген шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты. Алаяқ Беларусь Республикасының аумағында ұсталды. Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдікті азаматша тергеу изоляторында.