420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының барлық ауданында сервистік әкімдік жұмыс істейді

  • 194
  • UPD: 17:51, 24.08.2020

Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары енді мемлекеттік қызметті аудан орталығынан ала алады.

Өңірдегі барлық ауданда «сервистік әкімдік» жобасын іске асыру сәтті аяқталды. Нәтижесінде жергілікті атқарушы орган өкілдерінің азаматтарды бір жерде қабылдап, сауалдарына жауап беру мүмкіндігі туды.

Атап айтқанда, білім, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және өзге де бөлімнің қызметтері көрсетіледі. Соңғы ашылған Әйтеке би ауданындағы сервистік әкімдікте де келушілер үшін  барлық жағдай жасалған. Электронды форматта кезекке тұру, өз-өзіне қызмет көрсету аймағы және балаларға арналған ойын алаңы бар. 

Ғалымбек Досанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген тұжырымдамасы бар. Сол тұжырымдаманың шеңберінде іске асып жатқан жұмыстардың бірі осы. Алғашқылардың бірі болып, облыста барлық аудандарда ашып үлгердік.  Бұл халықтың игілігі үшін. Әкімдіктің халыққа ең керекті, ең негізгі бір жерге жинап, осы жерге жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы