428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының Ресеймен шекаралас ауданында халық саны азайып барады

  • 233
  • UPD: 20:52, 24.08.2020

Павлодар облысының Ресеймен шектес Железинка ауданында халық саны азайып барады. Оқушылардың жоқтығынан шағын мектептер жабылып жатыр. Солардың бірі аудан орталығынан 45 шақырымда жатқан Раздельное елді мекені.  Онда  22 үй, 40 шақты адам қалған.

Галина Сүлейменова  Раздельное ауылында туып өскен. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қырық жылдай ұстаздық етіпті. Зейнеткер ауылдардың бос қалып жатқанына алаңдайды. Клуб,  дүкен, медпункті  жоқ ауылда жалғыз ғимаратты қиратпай  басқа мақсаттарға  пайдалануға болмас пе еді деп налиды ол.

- Жақсы, жылы болды. Ремонтты жыл сайын істейміз. Балалар, аналары, әкелері бәрі риза болған мектеп жылы болғанда.  0053   Осы мектепті құлатқанда не ойлады?

Бұл ауылдың іргесі сонау 1910 жылы қаланған. Бір кездері дүркіреп тұрған елді мекенде   халық мал бағып, егіншілікпен айналысқан. Қайыңды орман қоршап тұрған жердің табиғаты ерекше. Бірақ жұмыстың жоқтығы  адамдардың жаппай көшуіне себеп болды. Қазір бұл ауылда  тек зейнеткерлер қалған. Мектепке баратын бала жоқ.

Алина Сүлейменова, Раздельное ауылының бұрынғы тұрғыны:

- Олар неге халықты ойламай  бәрін бұзып, бәрін алып кетті. Халықты ойламайды, халық қашып жатыр осы елден, көшіп жатыр. Олар ойласа елді сақтау керек, елге көмектесу керек. Халықпен сөйлесу керек. Халықтың жағдайын біліп көмектессе басқа адамдар болар еді осы елде.

Галина Сүлейменова ауылдың жайын айтып әкімдікке  барыпты. Бірақ қабылдауына алдын ала жазылмаған зейнеткермен кездесуден аудан әкімі бас тартқан. Оның үстіне  пандемия кезінде барлық қабылдаулар онлайн режимінде өтеді. Раздельное ауылына көрші тұрған  Лесное ауылының да осы тектес тағдыры бар.  

Болат Орымбаев, Лесное мектебі директорының орынбасары:

- Біздің мектепте бір кездері 300 оқушы болды. Қазір 40 бала қалды. Мен тұратын көшеде бұрын 20 үй болды. Қазір жалғыз менің үйім қалды. Бізде де мәдениет үйін, тұрмыстық қызмет көрсету үйін бұзып әкетті.  Егер мектепті жабатын болса оның  да  ғимаратын сатып алғандар қиратып тастай ма  деп қорқамын.  

Галина Петрова Раздельное ауылында қалған  жалғыз жұмысшы. Әлеуметтік қызметкер қарияларға  жәрдемдеседі. Жері шұрайлы өлкеден кеткісі жоқ.   

Галина Петрова, Раздельное ауылының тұрғыны:

- Ауылымыз үлкен өте жақсы еді. Мектептен басқа да ғимараттар бұзылып кетті. Әрине ішіміз ашиды. Ауылдың жойылып бара жатқаны өкінішті. Біздің  баратын жеріміз жоқ. Сондықтан мал бағып, күнімізді көріп отырмыз. Басқа жаққа көшетін болсақ  малды көп  ұстай алмаймыз.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері  мектеп   ғимаратының  заң жүзінде сатылғанын айтады.  Оқушысы жоқ мектепті ұстап тұру білім бөлімі үшін тиімсіз.

Айгүл  Мукушева, Железинка ауданы әкімінің орынбасары:

- Мектеп жабылғаннан кейін оның барлық мүлкі Лесное мектебінің еншісіне беріліп, ғимараты аукционға сатылымға шығарылды. 2018 жылдың тамыз айында  жекеменшік қожалық иесі сатып алды. Қазір мектеп ғимараты жеке адамның қолында.

Бүгінгі таңда Железинка ауданы бойынша  29 мектеп бар. Оның 26-сы шағын жинақты. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында оларды үлкен мектептерге біріктіру көзделіп отыр. Бұған оқушылардың аздығы себеп болған.   

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы