423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда бірнеше жыл бұрын тоқтап қалған нысандардың құрылысы жанданды

  • 284
  • UPD: 20:54, 24.08.2020

Талдықорғанда бірнеше жыл бұрын тоқтап қалған құрылыс нысандарының жұмысы қайта жанданды. 7-ықшам аудандағы 6 үй «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Дегенмен, екі айдан соң пайдалануға берілуі тиіс баспананың құрылыс жұмыстары кестеден кешігіп келеді. 

Талдықорғандағы көп қабатты 6 үйдің құрылысы бес жыл бұрын бітуі тиіс еді. Алайда мердігер мекеменің жауапсыздығынан жұмыс тоқтап қалған. Қала көркін қашырған нысандар мемлекет меншігіне өткеннен соң биыл «Нұрлы жер» бағдарламасымен қайта салына бастады.  

Еркін Мадияров, мердігер мекеме өкілі:

- Усилять ететін жерлері болды. Соны жасадық. Отделкасын жасап жатырмыз. Электрический жұмыстарын жасап жатыр. Кірпіш қаланып жатыр. Жақын уақытта отделочный жұмыс жүргізейік деп жатырмыз. Сосын сантехникалық жұмыс бастаймыз. Жоспардан кішкене қалып келе жатырмыз. Адамдар қосылып жатыр. Конвейерный метод дейді сонымен жасаймыз. Ноябрьге өткіземіз. 

Жетінші ықшам аудандағы мына үйдің бетонмен жертөлесі ғана құйылған. Бірнеше жыл ашық аспан астында тұрғандықтан онысынан су өтіп  бүліне бастапты. Құрылысшылар қазір сол кемшіліктерді жойып, бірінші қабатын қайта қалап жатыр. Жұмыс жүргізіліп жатқанымен бұл мердігер мекеме өкілдеріде кестеден қалып келеді.

Мәди Жақсымбетов, мердігер мекеме өкілі:

- Графиктан 15-20 күн кешігіп келеміз. Оны білеміз. Адамдар жетіспей жатыр. Оны үлкен бастықтар шешіп жатыр. Екі үш күнде адам қосып графикті қуып жетуге ұмтыламыз. 

Талдықорғанда құрылыс тоқтап қалған 10 үй бар. Соның алтауы қайта салына бастады. Қалған төртеуін мемлекет меншігіне алу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Жалпы биыл облыс орталығында биыл 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы