428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Глубокое ауданында жаңа көпір салынып жатыр

  • 141
  • UPD: 20:49, 24.08.2020

Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданының орталығында жаңа көпір салынып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын ескісін су шайып, сол маңдағы бірнеше үйді су басқан еді. Жаңа көпір көп ұзамай пайдалануға берілуі тиіс.

Осыдан екі жыл бұрын көктемгі  су  тасқыны кезінде  Глубокое кентінің тұрғындарын ауыл ішімен ағып жатқан Глубочанка өзені әуреге салған еді. Өзен суы кенеттен көтерілгендіктен ескі көпірден еш пайда болмай қалды.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Ол кезде тасқынды болдырған негізгі себеп ескі көпірдің енінің қысқалығында болды. Ол бар болғаны 7 метрдей ғана еді. Жан-жақтан жиналған су бұл жерге сымай тасып маңайағы үйлерді басты. Сөйтіп, қазір сол көпірді үлкейту туралы шешім қабылданды. Қазір оның ені 24 метрге ұзартылды.

Тасыған су 30 шақты үйге кірді.Олардың арасында Баян Қанағатованың баспанасы бар еді. Глубокое кентінде 15 жылдан бері тұрсам да ондай табиғат апатын алғаш көруім деп еске алады ол. Тасқын су жолындағының барлығын шайып кеткен болатын. Биыл жаңадан көпір салынып жатқанын көрген Баянның көңілі тыныш.

Баян Қанағатова, Глубокое  кентінің тұрғыны:

- Моншаның шатырына дейін келген су содан соң мына жерлермен міне мына терезеге келді,биыл міне 3  айдың уақыты болып қалды, міне жерде көпір салынып жатыр, өте қуаныштымын, осы көпірдің салынғанына өйткені меніңң тасқынға деген қорқынышым сейілді.

Сөйтіп 70 жыл бұрын салынған көпірдің орнында қазір қарбалас құрылыс жүріп жатыр. Бас инженердің айтуынша үш тіреуішпен салынған құрылғы 120 тоннаға дейінгі салмақты көтереді. Екі жолақты қозғалысқа арналған.Қазір  негізгі жұмыстар аяқталды.

Ерік Пішенов, бас инженер:

- Жұмысты біз мамырдың ортасына таман бастаған едік, қазір міне тамыздың ортасы болып аяғына жақындады, негізгі жұмыстар ыңғайланды. 

Көпір тасқын қауіпін сейілтіп қана қоймай, бүкіл көлік қатынасына  да оң әсерін тигізбек.

Марат Амантай, Глубокое кентінің әкімі:

- Көп нәрсеге әсер етеді.Кәсіпкерлерге де,әртүрлі жағдайда. Маңыздылығы өте қажет,себебі ол қала мен аудан орталығы Глубокое кентін қосатын қосатын жол.

Жаңа көпір құрылысы мерзімінен бұрын,қыркүйек айының ортасында толық аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 166 миллион теңге.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы