421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай қалалық ауруханасы қалыпты жұмысына көшті

  • 176
  • UPD: 20:51, 24.08.2020
Қостанай қалалық ауруханасы қалыпты жұмысына көшті

Қостанай қалалық ауруханасы өзінің қалыпты жұмысына көше бастады. Екі ай бойы мұнда 250 орындық провизорлық госпиталь болған еді.

Пандемия кезінде осын стационарда 1253 адам ем-дом қабылдады. Қазір науқастар азайған соң ғимараттың бір бөлігі жабылды. Қалған 40 емделуші арнайы жеке корпусқа көшірілді. Аурхананың босаған бөлігінде үш кезеңдік зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Енді онда өзге емханадан жіберілген сырқаттарды жатқызуға еш қауіп жоқ. Дәрігерлер түрлі диагнозбен келгендерді қабылдауға дайын. Осы аптаның ортасынан бастап қалалық ауруханада шұғыл операциялар жасала бастайды. Бүгінге дейін облыстағы 10 стационарда 480 провизорлық орын қысқартылған.

Хабар 24 телеарнасы