420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысы жеміс-жидекті еліміздің солтүстік аймақтарына жөнелтті

  • 194
  • UPD: 20:59, 24.08.2020

Түркістан облысында биыл күзгі терім жылдағыдан кеш басталды. Бағбандар карантиндегі қиындықтардың үстіне табиғаттан да теперіш көрді. Қазір өңір жеміс жинап жатыр. Бірақ шаруалар биылғы түсім жылдағы межеге жетпейді деп отыр.

Биылғы жаз диқандар үшін ерекше болды. Бекзат Юнусов осыдан 4 жыл бұрын 200 жеміс ағашын отырғызған еді. Осы мол өнім алуды жоспарлап отырған. Бірақ ерте көктемде соққан үскірікке, әлемді жайлаған коронавирус араласып, шаруашылықты сансыратып кеткенін айтады. Ендігі басты міндет бар өнімді ысырапсыз жинау болып отыр. Бағбан жігіт көрген қорлығын қорқынышпен еске алады.

Бекзат Юнусов, шаруа:

- Шығынның қаншалықты болғанын жыл қортындысында білеміз. Суық, үсік ұрғаны ол да өз әсерін берді. Кейін бұршақ жауды. Ол да минус болды. Біз суық болған кезде сабанмен өртеп шықтық.

Онымен қоса егінді күтіп баптайтын жұмыс күші кемшін. Еларалық, қала және облысаралық  шекарларға шектеу қойылғасын қатынас қиындады. Салдарынан көрші елдімекендердің өзінен жұмысшылар жете алмай қалды. Бұл жағдай облыстағы барлық шауаршылықтарға тән болып отыр. 

Мұхит Отаршиев, Сарыағаш ауданының әкімі:

- Карантин кезінде шаураларда қиындықтар болды. оның үстіне өнімді өткізу, өнімнің бағасы мұның барлығын дұрыс жолға қою үшін біз әлеуметтік желілерде сонымен қоса БАҚ қандай арқылы нақты жұмыстар жүргізілді. 

Бүгінде жағдай қалыпқа түсіп келеді. Карантин талаптары жеңілдегелі жұмысшылар көмекке келді. Сөйтіп, алғашқы жеміс-жидек тұтынушыға жол тартты. Рас, бағасы жылдағыдан қымбат. Себебі шаруалар шыққан шығынды өніммен қайтармаса, келер жылы қаражаттан қысылып қалары анық. Сапалы өнім ішкі нарықтан өзге Ресейге де шығарыла бастады. Олар дала өнімін қазір қоймаларға жеткізбестен алып кетіп жатыр. 

Нұрполат Талипов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Пандемияның әсері болды, шаруаларымыз қиналды. Дегенмен, облыстық АШБ бастамасымен солтүстік облыстармен келісім-шарттар жасалып, сол жақтарға тікелей жіберіп отыр. 

Сарыағаш ауданының шаруалары жылына 3 мәрте өнім тереді. Өндіріске кеңінен енгізілген озық технология қай дақылдың да уақытылы өсіп жетілуіне игі ықпал етеді. Диқандар өнімді ішкі нарықтың сұранысына қарай егуге бет бұрған. Себебі биыл көктемдегі қырықабат мәселесі талай шаруаға ой салыпты. Сұраныстың тоқтауынан тонналаған өнімді өткізетін жер болмаған. Ол диқандардың текке төгілген маңдай тері мен қыруар қаражаты болатын.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Катерина Попкова, Нурмахан Мусатов

Хабар 24 телеарнасы