421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әскерилері Ресейдегі армия халықаралық ойындарының ашылуына қатысты

  • 126
  • UPD: 21:54, 24.08.2020
Қазақстан әскерилері Ресейдегі армия халықаралық ойындарының ашылуына қатысты

Мәскеуде Армия халықаралық ойындары мен «Армия-2020» форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Рәсімге Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов қатысты.

Ресей президенті Владимир Путин ойындар мен форумның қонақтары мен қатысушыларына арнаған бейнеүндеуінде осы іс-шаралардың маңыздылығы мен танымалдылығын атап өтті.

Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин өз сөзінде форумның ауқымын және инновациялар мен цифрлық технологияларды қолдануды ескере отырып өндірілген өнімнің едәуір өсуін атап өтті.

Қатысушы елдердің аса мәртебелі қонақтарының қатысуымен «Армия халықаралық ойныдары - 2020» форумын Ресейдің Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу ашты. Ресми нышан – Армия халықаралық ойындарының туы көтерілді, ал ұлттық ту астындағы жарысқа қатысушылар көрермендер алдында салтанатты маршпен өтті.

32 ел қатысатын 2020 жылғы Армия халықаралық ойындары 30 байқаудан тұратын сайыста ең мықтыларды анықтайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және елде қабылданған шараларға байланысты Қазақстан биылғы жылы тек бір ғана байқауға «Танк биатлонына» қатысады, ол ойындардың ең көрнектісі және беделдісі болып табылады. Қазақстандық танкист мамандар 25 тамызда жеке жарыста өнер көрсететін болады. Ойын 5 қыркүйекте аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы