429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласы бойынша 20 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген

  • 136
  • UPD: 00:08, 25.08.2020

Қазіргі уақытта олардың 13 мыңын қалалық жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы уақытша жұмыстарға орналастырған.

Мәулен Көпбаев кәсіби білімі бар суретші. Қаламы қалыптасып үлгерген жас маман осы уақытқа дейін жеке тапсырыстар арқылы табыс тауып жүріпті.

«Тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналасудың реті келмеді» дейді ол.

Мәулен Көпбаев, суретші:

- Екі ай бұрын жұмыспен қамту орталығына барып, сол жерден осы мекемеге жолдама алдым. Қазіргі таңда  осы мекемеде үлкен жобамен шұғылданып жатырмыз. Жұмыстың бір ерекшелігі тұрақты ақысы төленетін, одан кейін налогтары пенсионный жүретін болғандықтан өте қолайлы болып тұр. 

Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асуда. Олардың бірі уақытша жұмыс орындары - қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарындары, жастар практикасы. 

Гаухар Ауелова, жұмыспен қамту орталығы, уақытша жұмыс орындары бөлімінің басшысы:

- Қоғамдық жұмыс орындарының айлығы 85 мың теңгені құрайды. Бүкіл налогтарының бәрін төлеп, 65 мың теңгедей қолдарына қаражат алады. Жастар іс тәжірибесінің жалақысы 69 450 теңге налогтарының бірін мемлекет төлеп олардың қолына 55 мың теңгедей қаражат алады. Әлеуметтік жұмыстарына келетін болсақ, Мысалы, 100 мың теңге айлық жұмыс беруші қойса, 35 мың теңгесін мемлекет тарапынан субсидиялап отырамыз.

Қоғамдық жұмыстарға кәсіби біліктілік талап етілмейді. Жұмыс іздегендер қалалық жұмыспен қамту орталығына өтініш жолдауына болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы