424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения көліктерін тіркеу мерзімі аяқталуға жақын

  • 237
  • UPD: 08:52, 25.08.2020
Армения көліктерін тіркеу мерзімі аяқталуға жақын

Қазақстан аумағында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу мерзімінің аяқталуына 1 аптадай ғана уақыт қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорда облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша бүгінге дейін 200-ден астам өңір тұрғыны темір тұлпарларын есепке қойып үлгерген. Оларға сары түсті мемлекеттік нөмірлер берілді. Армян көліктерін 1 қыркүйекке дейін тіркеп үлгермегендер заң жүзінде 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бүгінде облыс бойынша сары түсті мемлекеттік нөмір тағу үшін тіркеуге жататын 60-қа жуық көлік қалған.

Нұрмахан Пазылов, облыстық полиция департаменті ӘПБ бастығы:

– Мұндай көлік құралдарын тіркеу мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Осы ретте тіркеу жұмыстарының таяп қалғанын ескере отырып, Қызылорда облысы полиция департаменті Армения республикасынан әкелінген көлік құралдарын заңмен көзделген мерзімде тіркеп үлгерулеріңізді сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы