426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері 389,4 мың отбасы көп балалыларға арналған жәрдемақы алды

  • 180
  • UPD: 12:56, 25.08.2020
Жыл басынан бері 389,4 мың отбасы көп балалыларға арналған жәрдемақы алды

2020 жылғы қаңтар-шілде аралығында жалпы сомасы 133,5 млрд теңгеге 389,4 мың отбасы көп балалыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды.

Шілде айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,9 млрд теңгеге 391,4 мың отбасы алды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған.

Осылайша, осы жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 13 мамырда қол қойды.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға 100 008 теңге, 10 балаға 111 120 теңге, 11 балаға 122 232 теңге, 12 балаға 133 344 теңге, 13 балаға 144 456 теңге, 14 балаға 155 568 теңге, 15 балаға 166 680 теңге, 16 балаға 177 792 теңге төленеді.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді. Сонымен, шілде айында аталған отбасылар жаңа мөлшерде жәрдемақыны, сондай-ақ қаңтар-маусым айларында қалыптасқан айырманы алды.

Жалпы, 2020 жылы көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд теңге қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы көп балалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы