420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бойжеткенді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

  • 194
  • UPD: 13:11, 25.08.2020
Алматы облысында бойжеткенді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды kaztag.kz

Күдіктінің айтуынша, ол 20 тамыз күні жол бойында тұрған бойжеткенге себепсіз шабуыл жасаған. Алдымен қылғындырып, арықтағы суға батырған, кейін қылмысын жасыру үшін өртеп жіберген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, 21 тамыз күні сағат 16.00-де Еңбекшіқазақ ауданындағы Өрнек ауылының маңында 21 жастағы қыздың мәйіті табылған еді. Мәйітте айуандықпен қинап өлтіру белгілері байқалған.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру (99-бабы 1-бөлігіне) бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жедел іздестіру нәтижесінде екі тәулік ішінде адам өліміне қатысты қылмыс әшкере болды. Кісі өлтірді деген күдікпен сол ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын кісі тонағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі сипаттап берді», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Меңдебаев.

Ақпарат көзі: Қазақпарат

 

 

Хабар 24 телеарнасы