426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында жаңа аурухана салынды

  • 185
  • UPD: 15:14, 25.08.2020
Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында жаңа аурухана салынды

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданының орталығында жаңа аурухананың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

75 төсекке арналған емдеу орнында 4 бөлімше және озық технологиямен жабдықталған рентген кабинеті, жансақтау бөлімі, перзентхана бар. Мұндағы барлық палата орталықтандырылған оттегі жүйесіне қосылған. Коронавирус өршіген тұста науқастарды емдеуде қиындықтар туындаған еді. Осыған байланысты тағы 3 ИВЛ аппараты мен жаңа ауруханаға арнайы оттегі қондырғысы алынды. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, науқастарға уақтылы және шұғыл ем беруге мүмкіндік береді.  

Нұрғиса Шолпанов, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

– Бұл өкпені жасанды желдету аппаратының ерекшелігі, осы ауруханадағы орталықтандырылған оттегі көзіне жалғанады. Әр палатаға науқас жатқан жерге аппаратты апарып, тікелей қосып көмектесе алады. Бұл өз кезегінде шұғыл қажет жағдайды баллон тасып, адам шақырып жүрмейді. Уақытты 3-4 есе қысқартады.

Хабар 24 телеарнасы