420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

  • 138
  • UPD: 13:50, 25.08.2020
Алматыда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

Алматы полициясы ер адамның эстакаданың шатырына не себепті шыққанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға әлеуметтік желілерді бақылау барысында белгілі болды.

Белгісіз ер адам жолдың үстіндегі көпірдің төбесіне шығып, ары-бері жүрген. «Оқиға № 6 ықшамаудандағы Саин көшесінің бойында болған. Сағат 18:20-да полицияға ер адамның көпірден секірмек болғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері жеткенге дейін 1982 жылы туған З. есімді азаматты куәгерлер көпірден түсіріп алған. Ер адам оқиға орнына келген «Буран-86» патрульдік жасағына тапсырылды»,– деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам өзінің іс-әрекетін полиция қызметкерлеріне, жұмыстан қайтып келе жатқанда телефон арқылы отбасында қайғылы жағдай болғаны туралы хабарды естігенін айтқан. Оған полиция және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге психологиялық көмек берілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

 

 

Хабар 24 телеарнасы