426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда арықтан табылған баланың жағдайы туралы дәрігерлер ақпарат берді

  • 234
  • UPD: 14:46, 25.08.2020
Алматыда арықтан табылған баланың жағдайы туралы дәрігерлер ақпарат берді

Дәрігерлер Алматыда арықтан табылған жаңа туған сәбидің жағдайын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, сәбидің жынысы  ұл, 3 000 грамм.

«Сәби балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Ауруханаға түскенде жағдайы гипотермияға байланысты ауыр (дене температурасы 34,5) болды, қазір жағдайы орташа ауыр, дене қызуы қалыпты», – деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Еске салайық, бұған дейін Алмалы ауданы Райымбек даңғылы бойындағы арықтан табылған баланың анасын құзырлы орган мамандары іздестіріп жатқанын жазған едік. 

Хабар 24 телеарнасы