426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жылына 12 млн бекіре шабақтары өсірілетін болады

  • 170
Атырау облысында жылына 12 млн бекіре шабақтары өсірілетін болады

Оған толық мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өз кезегінде Жайық-Каспий бассейніндегі бағалы балық қорын қалпына келтіруге ықпал етеді. Атыраудағы екі зауыт жылына 7 млн шабақ өсіріп, табиғи ортаға жіберіп келеді. Бірақ өндіріс көлемін одан әрі арттыруға техникалық мүмкіндік сай болмады. Енді биыл өңірде жаңа жоба қолға алынбақ. Жоспар жүзеге асса, аймақта тауарлы бекіре балығын өсіретін фермалар ашылады. Қазірдің өзінде 3 өндірістік кооператив зауыттан шабақ алып, бекіре бизнесін бастауға дайын. Ендігі басты міндет – шабақ өсіретін өндірісті жаңа талапқа сай жабдықтау.

Ақмарал Қаукенова, ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің бас маманы:

– 12 млн-дық межеге қалай жетеміз? Егер мемлекет тарапынан зауыт құрылысын қайта құрса, тоғандар көлемін ұлғайтып, қоректік базаны нығайтуға тиісті қаражат бөлінген жағдайда ғана Жайық-Каспий бессейнінің балық қоры молайып, табиғи өсімге үлкен үлесін қосар еді.

Хабар 24 телеарнасы