424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты 12 қыркүйектен бастап жандануы мүмкін

  • 151
  • UPD: 15:38, 25.08.2020
Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты 12 қыркүйектен бастап жандануы мүмкін

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтірді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

– БАӘ (11 рейс) 17 тамыздан бастап Алматы – Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан – Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;

– Германия (5 рейс) 18 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан – Франкфурт (5 рейс);

– Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы – Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан – Минск (2 рейс);

– Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы – Киев (3 рейс).

Египетпен арадағы әуе қатынасы 12 қыркүйектен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарлануда.

2020 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.

Әуе қатынастары Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздікті сақтай отырып орындалады.

Еліміздің барлық әуежайында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы