424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вагоннан қоқыс лақтырған 4 жолсерік жауапкершілікке тартылды

  • 211
  • UPD: 16:24, 25.08.2020
Вагоннан қоқыс лақтырған 4 жолсерік жауапкершілікке тартылды

Достық станциясының көлік полицейлері «Таза Қазақстан» жедел профилактикалық шарасы аясында «Достық – Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызының 4 жолсерігін ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі, қоғамдық орындарды ластау фактісімен әкімшілік жауапқа тартты.

Жолсеріктердің Нұр-Сұлтан қаласының 1968, 1971, 1976, 1990 жылғы тұрғындары екені анықталды, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқықбұзушы жолсеріктер вагоннан шыққан комуналдық қалдықтарды Достық станциясындағы теміржол вокзалының маңайына тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Жолсеріктерге 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы