424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаөзен ауруханасынан коронавирус жұқтырған соңғы адам шығарылды

  • 687
  • UPD: 16:48, 25.08.2020
Жаңаөзен ауруханасынан коронавирус жұқтырған соңғы адам шығарылды

Бүгін, 25 тамыз күні Жаңаөзенде коронавируспен ауырған соңғы науқас ауруханадан шықты.

Сәуір айынан бастап қалалық ауруханада 200-ден астам адам COVID-19-дан емделген.

– Ауру толықтай жойылды деп ойлап еркінсуге болмайды. Адам көп жиналатын орындарға, көпшілік іс-шараларға бармаған жөн. Күзде жедел респираторлық инфекциямен бірге коронавирус жұқтыру қаупі әлі де бар», - деді Жаңаөзен ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жаңабай Оңайбаев.

Хабар 24 телеарнасы