421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ Республикасының 100 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

  • 146
  • UPD: 18:26, 25.08.2020
Қазақ Республикасының 100 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

«Қазақ Республикасының 100 жылдығы және оны құрудағы Алаш қайраткерлерінің рөлі».

Бүгін осындай тақырыппен «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері халықаралық конференция өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн форматтағы жиынға 20-ға тарта қазақстандық және шетелдік ғалым қатысып, тарихи деректер төңірегінде пікір алмасты. Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасы 1920 жылы 26 тамызда Орынбор қаласында құрылды әрі алғашқы астанасы деп жарияланды. Кейін Ақмешіт, сосын Алматы қалаларына көшірілді. Бастапқыда «Қырғыз-қазақ» деп аталған автономды республика атауы 1925 жылы «қазақ» болып өзгертілді. Елдің жер аумағы да кеңейіп, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. «Бұған сол кездегі Алаш қайраткерлері көп еңбек сіңірді», - дейді конференцияға қатысушылар.

Еркін Әбіл, ҚР БҒМ Ғылым комитеті мемлекет тарихы институтының директоры:

- Ленин және большевиктердің қазақ автономиясын қалыптастыру және оның шекарасын белгілеу үдерісіндегі рөлін асыра бағалауға және асыра төмендетуге болмайды. Автономия жариялау, шекараны белгілеу Ленин басқарған партияның сыйы ретінде қарауға болмайды. Бұл екі тараптың саясаты және Алаш көсемдерінің дәйекті ұстанымдарының мақсаты. Алаш көсемдері ұлттық, егемендік мақсатын жүзеге асыру үшін өздерінің рухани идеалдарын және өмірлерін құрбан етті.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Мен де қосыламын. Рас. Қазақ Республикасының пайда болуы біреудің сыйлығы, қайырымдылығы емес, Алаш қайраткерлерінің көп жылдық жұмысының жемісі. Біз осыны растауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы