420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызметіне рұқсат етілген нысандарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

  • 139
  • UPD: 18:09, 25.08.2020

Қазақстанның Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызметіне рұқсат етілген нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуы қатаң бақылауда болуы тиіс. Облыс орталықтары мен қалаларда тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті мен полиция қызметі бірлесе жұмыс істеуі қажет. Тиісті талапты сақтамағандарға әкімшілік шара қолданылады. Көтерме сауда базарлары мен басқа да ірі сауда нысандарының толымдығы 30%-тен аспауы тиіс. Ал, әлеуметтік арақашықтық сақталуы үшін 4 шаршы метр аумаққа 1 адамнан есептелуі керек. Сондай-ақ радио арқылы жарты сағат сайын санитарлық талаптар туралы ақпарат тарату міндетті.

Хабар 24 телеарнасы