420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда антисанитарлық жағдайда тәтті тоқаштар дайындағандар әшкереленді

  • 166
  • UPD: 18:32, 25.08.2020
Атырауда антисанитарлық жағдайда тәтті тоқаштар дайындағандар әшкереленді фото: zen.yandex.ru

Атырауда кондитерлік өнімдерді жасырын дайындаған цех әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автокөлік гаражындағы наубайханада қарапайым санитарлық талаптың өзі өрескел бұзылған. Кондитерлер арнайы киімсіз, бетперде-қолғапсыз жұмыс істеген. Газ плиталарына сақтық мұржасы орнатылмаған. Өндіріс иесі шағын наубайхананы «өзімнің қажетіме бола аштым» дегенді айтады. Бірақ тексеру барысында жасырын кондитер цехында пісірілген 50 келі өнім табылды. Олар арнайы қораптарға салынып, сатуға дайындалып қойылыпты. Антисанитарлық жағдайда тәтті тоқаштар дайындап, дүкендерге өткізіп келгендер енді заң алдында жауап беретін болады.

Ернар Әбілқайыров, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Қазіргі жағдайда бұл кісілердің жеке басын анықтаудамыз. Соған байланысты әрі қарай акт толтырылып құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы